Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша ІМАД-тың 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтағы камералдық бақылау қорытындылары

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланған мемлекеттік сатып алуларға тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізіліп отырады.

Бұл ретте ұйымдастырушылар / тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жүйелі түрде жол береді.

Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 1014,1 млрд. теңгеге 39732 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.

Жүргізілген камералдық бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 27,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің 978 бұзушылығы анықталды.

Бұдан басқа, есепті кезеңде өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша Департаментте заңды және жеке тұлғалардан 2917 шағым келіп түсті, оның ішінде: 520 өтініш қанағаттандырылды, 671 өтініш ішінара қанағаттандырылды, 1534 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 192 қарауда.

Мемлекеттік аудит объектілерімен камералдық бақылау нәтижелері және бұзушылықтардың алдын алу бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 955 хабарлама орындалды.

 

 

Дата публикации
13 июля 2023
Дата обновления
13 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы