Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметінің бағыттарының бірі мемлекеттік сатып алу саласында, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын бұзған жағдайларда прокуратура органдарынан, сот жүйесінен, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасынан, Тексеру комиссиясынан және Ішкі аудит қызметтерінен келіп түсетін материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаментпен 256 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 198 - жалпы сомасы 23 млн. 796 мың теңгеге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.
Департаменттің нұсқамалары негізінде де, соттардың шешімдері бойынша да қаржылық бұзушылықтар сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында жасалады.
Бүгінгі таңда Департамент өз қызметі аясында 256 әкімшілік өндіріс қозғады.
Есепті кезеңде Департамент салған айыппұлдар сомасы 23 796 375 теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттің кірісіне 23 192 675 теңге өндірілді.
Бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтарды талдау арқылы олардың үлкен үлесі мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған оқу орындарына тиесілі екені байқалды. Бұл мемлекеттік сатып алу саласында да, бухгалтерлік есепке алу саласында да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшы лауазымды тұлғалардың білім деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарының сұрау салуы бойынша 3 материал жіберілді, оның ішінде бүгінгі күні 2 қылмыстық іс қозғалды, 1-соттың қарауына жіберілді.