Меню

Страницы

Статья

«Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі–Департамент) 2022 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі–Қаржы бөлімі) шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізіліп, нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында» белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынудақаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Қаржы бөлімінің қаржылық есептілігі бойынша аудит барысында анықталған жалпы сомасы 339,3 мың теңге қаржылық бұзушылық және жалпы сомасы 5033,4 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар есепке алу көрінісімен қалпына келтіріліп, есепті кезең үшін қаржылық есептілікке түзетіліп, дұрыс енгізілді. Бүгінгі күнге Департаменттің ден қою шаралары арқылы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Қаржы бөлімі тарапынан толық қалпына келтірілді.

Департамент тарапынан бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып,  бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау, алдағы уақытта заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жетік меңгеру мақсатында есеп бөлімі мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, аудит объектісі тарапынан нұсқама мен ұсынымдар толық орындалды.

Дата публикации
23 июня 2023
Дата обновления
23 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы