«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Батыс Қазақстан облысының 5-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері соның ішінде: «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Батыс облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы», «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде жыл сайынғы қаржылық есептілік аудиті жүргізілді.
Аудит нәтижелерін бағалау, сондай-ақ аудит жүргізу барысында анықталған қателіктерді талдау және олардың тексерілетін кезеңдегі қаржылық есептіліктің дұрыстығына тигізетін әсерін талдаумен, аудит объектілерімен шығыстар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтындығын, 2022 жылғы қаржылық есептіліктің нәтижелеріне әсер ететін қателер барлығын, олар қорларды бекітілген нормалардан тыс есептен шығару, активтерге амортизация нормаларын дұрыс қолданбау, дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу бойынша көрсетілмеу есебінен пайда болғандығын көрсетті.
Бұдан басқа, бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары бойынша жекелеген қосалқы шоттар бойынша (қорлар, негізгі құралдар бойынша) мәндік сипаттамалардың сәйкес келмеуі анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 365 026,2 мың теңген, оның ішінде: қаржылық есептіліктің дұрыстығына елеулі әсер ететін қаржылық бұзушылықтар - 2 308 331,7 мың теңге, рәсімдік сипаты бұзушылықтар -56 694,5 мың теңге құрады.
Бұзушылықтардың ішінде бюджетке - 618,2 мың теңге өтелуге (аударылуға), 2 307 713,5 мың теңгесі есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруге жатады.
Аудит барысында қабылданған шаралармен ҚР ӘҚБтК 238-бабы бойынша аудит объектісінің 27 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік жаза сомасы 2 085,6 мың теңгені құрады.