Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Орал қалалық білім бөліміне қарасты 5 мекемелерінде қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу мен төлеуде Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізді. Мекемелерде жүргізілген аудит нәтижелерімен есеп қызметкерлерінің жеке шоттарына барлығы 23 003,8 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды, оның ішінде:
КММ Орал қаласы білім бөлімінің «№ 20 орта мектебі» мекемесінде 6 108,8 мың теңгеге;
КММ Орал қаласы білім бөлімінің «№25 орта мектебі» мекемесінде 6 925,0 мың теңгеге;
КММ Орал қаласы білім бөлімінің «Серебряков орта мектебі» мекемесінде-4392,2 мың теңгеге;
КММ Орал қаласы білім бөлімінің «№10 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» мекемесінде 988,1 мың теңгеге;
КММ Орал қалалық білім бөлімінің «Кешкі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде - 4 589,7 мың теңге.
Аудит барысында Орал қаласы білім бөлімінің «№10 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» мекемесі бойынша 988,1 мың теңге, Орал қалалық білім бөлімінің «Кешкі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша - 4 589,7 мың теңге, барлығы 5 577,8 мың теңге толықтай өндірілді.
Аудит барысында білім бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі" бойынша 988,1 мың теңге сомасында, білім бөлімінің "кешкі мектебі" бойынша жалпы сомасы 5 577,8 мың теңгеге 4 589,7 мың теңгеге толық өтелді.
Аудит нәтижелері бойынша бақылау объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.
Заңсыз төлемдердің негізгі сомасы мекемелердің бухгалтерияларының қызметкерлеріне тиесілі, сондықтан бас бухгалтер объект басшысының ЭЦҚ-на (электрондық-цифрлық қолтаңбасына) қол жеткізе отырып, қаражатты бухгалтерлер мен бас бухгалтердің шотына аударды.