Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы I тоқсандағы сәйкестік аудитінің қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылғы 1 тоқсанда бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы талаптарды сақтау мәселелері бойынша 15 аудит объектісінде сәйкестік аудитін жүргізді, жалпы қамту сомасы – 980,1 млн. теңге. Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 14 нұсқама жолданды.

Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасынан 2023 жылдың 1 тоқсанында жалпы сомасы 568,3 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 354,4 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 213,9 млн. теңге.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 76,5 млн. теңге өтелуге, 277,9 млн.теңге қалпына келтірілуге жатады. Қабылданған шаралармен бюджетке 13,7 млн. теңге сомасында өтелді, 228,6 млн.теңге есепке алу бойынша қалпына келтірілді.

2023 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген сәйкестік аудитінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 0,5 млн. теңгеге 5 әкімшілік іс қозғалды, әкімшілік хаттамалар бойынша бюджетке 0,5 млн. теңгеге немесе 100% әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуға әкеп соққан лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 2023 жылдың 1 тоқсанында аудит объектілерінің 2 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке, 15 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес Департамент аудит объектілеріне қатысты қаржылық бақылаудың ден қою шараларын жүзеге асыруда.

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2023
Дата обновления
02 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы