Аудиторлық ұйымдар өз қызметін Қазақстан Республикасы «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Сонымен, аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамаға сәйкес аудиторлық ұйымдар аудиттің принциптері мен стандарттарын қатаң сақтауға міндетті.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 «Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының сақталуына профилактикалық бақылауды үш субъектіде жүргізді: «A and Z Аудит Консалтинг» ЖШС, «Consult - FinAudit» ЖШС, «Аудиторская компания «Profit A»» ЖШС.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды.
Осылайша, қаралып отырған кезеңде аталған ұйымдар 2021 жылға арналған аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы жыл сайынғы есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбаған, бұл ӘҚБтК-нің 247-бабының 7-бөлігімен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Осыған байланысты Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Төлем жалпы соманың 50 пайызы мөлшерінде қысқартылған тәртіппен жүргізілді.
Тексерілетін кезеңде аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептер (тоқсан сайынғы есептер) уақтылы ұсынылды.
Тексеру нәтижелері бойынша субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілді және есептілікті ұсынуға жауапты қызметкерлер үшін оқыту жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.