2023 жылдың 4 айында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 142,3 млрд.теңгеге 8 121 рәсім (лот) қамтылды.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды жою туралы 725 хабарлама немесе камералдық бақылаумен қамтылғандардың 9% - 12,6 млрд. теңге сомасына, оның ішінде сатып алу тәсілдері бойынша жіберілді:
- ашық конкурс – 11,1 млрд. теңге сомасына 334 хабарлама (1 бағыт шеңберінде – 6,9 млрд. теңге сомасына 197 хабарлама, 2 бағыт шеңберінде – 434,5 млн. теңге сомасына 97 хабарлама, 3 бағыт шеңберінде – 2,7 млрд. теңге сомасына 3 хабарлама, 4 бағыт шеңберінде – 957 млн. теңге сомасына 37 хабарлама);
- рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс – 527,2 млн. теңге сомасына 21 хабарлама (1 бағыт шеңберінде- 474,5 млн. теңге сомасына 16 хабарлама, 2-бағыт бойынша 52,7 млн. теңге сомасына 5 хабарлама) ;
- алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс – 18,8 млн. теңге сомасына 33 хабарлама;
- тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурс – 60,5 млн. теңге сомасына 17 хабарлама;
- аукцион-1 хабарлама 3 млн. теңге (1, 2, 3, 4 бағыттар шеңберінде) ;
- баға ұсыныстарын сұрату-1,3 млрд. теңге сомасына 280 хабарлама;
- тауар биржалары арқылы-1,8 млн. теңге сомасына 4 хабарлама;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс-42 млн. теңге сомасына 2 хабарлама (4 бағыт шеңберінде) ;
- қосымша келісімдер – 0,4 млн. теңге сомасына 2 хабарлама;
- бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы-77 млн. теңге сомасына 52 хабарлама.