Аудиторлық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Департамент тарапынан 2023 жылдың І тоқсанында барлығы 44 аудиторлық іс-шарамен 1 млрд. 311,3 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 975,7 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған (немесе бұзушылықтардың үлесі 74,4 %), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 951,2 млн. теңге немесе 97,5% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 24,5 млн. теңге немесе 2,5%.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 516,8 млн. теңге (өтеуге жататыны – 227,4 млн. теңге, қалпына келтіруге – 236,2 млн. теңге, есептілікте көрсетуге жататыны - 53,3 млн. теңге).
Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені және есептілікте көрсетілгені 395,9 млн. теңге немесе 76,6 % (бюджетке өтелгені 120,5 млн.тг., қалпына келтірілгені 222,2 млн.тг., есептілікте көрсетілгені 53,3 млн. теңге).
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 1 лауазымды тұлғасына қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, 207,0 мың теңге айыппұл салынды.
Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 7 ұсыным беріліп, 7 квазимемлекеттік субъектілерінің актілеріне (есеп саясаты) өзгерістер енгізілді.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 36 нұсқама жолданып, 29 нұсқама толығымен орындалды. Қалған 7 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген (мерзімі ұзартылған).
Аталған нұсқамалар бойынша аудит объектісінің 45 жауапты тұлғаларына тәртіптік жаза қолданылды.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2023 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 142,5 млн. теңге сомасында 7 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 7 аудит материалдары бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.