Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша камералдық бақылау қорытындылары

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында камералдық бақылаумен 245,77 млрд.теңге сомасына 9943 лот көлемінде мемлекеттік сатып алу қамтылды, оның ішінде 16,6 млрд. теңге сомасына 1439 лот немесе 14,4% бұзушылықтар анықталды.

Хабарламаны тиісінше орындамағаны үшін 28 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып (104 әкімшілік хаттама), материалдар сотқа жіберілді.

Бұзушылықтардың басым бөлігі әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін заңсыз қабылдамау және оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбау, жоғары талаптар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабын бұза отырып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілін қолдану, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар белгілеріне нұсқаулар, сондай-ақ қазақ тіліндегі техникалық ерекшелікті орналастырмау және т. б. болып қала береді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алу мамандарын уақытылы оқыту және таныстыру бойынша жұмысты күшейтуді бірыңғай ұйымдастырушыға «Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сіне хат жолданды.

 

 

 

 

Дата публикации
15 мая 2023
Дата обновления
15 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы