Меню

Страницы

Статья

2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік аудит нәтижелері

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік аудит саласындағы заңнамада бекітілген құзыретке сәйкес жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырады.

Мәселен, Департамент қаржылық есептілік аудиті бөлімі ағымдағы жылдың наурыз айында 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтады. Аудит бюджеттік бағдарламалардың 3 әкімшісінде жүргізілді,сондай-ақ, қарсы тексерулермен 3 ведомстволық бағынысты мекеме қамтылды.

Мемлекеттік мекемелерде жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы алғанда активтер, қорларды көрсетудің дұрыстығы, ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу, дебеторлық және кредиторлық жарғылық берешекті есептеу, кірістер мен шығыстарды жабу, есепті кезеңде жасалған міндеттемелер мен таза активтерді/капиталды толық көрінісі және басқа да қаржы-шаруашылық операциялар мәселелері қамтылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 58 514 734,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 51 560 828,9 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соқтырды.

Бұзушылықтарды талдау мемлекеттік мекемелердің мемлекет активтерін тиісті есепке алуды қамтамасыз етпейтінін, дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамау сияқты бұзушылықтарға жол беретінін көрсетті. Бұл жағдайда бұрмаланған шоғырландырылған қаржылық есептілікті /қаржылық есептілікті ұсынудың айтарлықтай қаупі бар.

Белгіленген бұзушылықтар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы тиісті деңгейде жүргізілмегендігін көрсетеді, өйткені Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығы мен толықтығы толық қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ведомстволық бағынысты мекемелердің бухгалтерлік есебінің деректерін қайта тексермейді.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес бұрмаланған қаржылық есептілікті жасағаны үшін 5 жауапты тұлға (бухгалтер) 400 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Департамент осы бағытта жұмысты жалғастыруда, қазіргі уақытта 2023 жылға бекітілген тізбеге сәйкес  шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелерде алдын ала зерделеу жүргізілуде.

Дата публикации
05 мая 2023
Дата обновления
05 мая 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы