Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2023 жылғы 1 тоқсандағы қорытындысы туралы

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсандағы қорытындысы бойынша келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

2023 жылдың 1 тоқсандағы Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 23 аудиторлық іс-шара, (1 тоқсан 2022ж. – 29) жүргізілді, аудит жалпы сомасы 973,9 млн. теңгеге сәйкес бюджет қаражатын қамтыды (1 тоқсан. 2022ж. – 4 979,2 млн. теңге), аудит нәтижесінде барлығы 973,9 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, немесе 100%, (1 тоқсан 2022ж. 4 909,0 млн. тенге), оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар 492,3 млн. теңге (1 тоқсан 2022ж. – 247,1 млн. теңге) немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 50,5% (1 тоқсан 2022ж. – 5,0%);
  • 465,0 млн. теңгеге процедуралық сипаттағы бұзушылықтар (1 тоқсан 2022ж. – 3 686,9 млн. теңге) немесе 47,7 % (1 тоқсан 2022ж.– 75,1%);
  • 16,6 млн. тенге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу, (1 тоқсан 2022ж. – 975,0 млн. теңге) немесе 1,8% (1 тоқсан 2022ж. –19,9%), оның ішінде:

- 12,4 млн. теңге сомасында мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне әсер ету;

– 4,2 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу нәтижесіне әсер еткен жоқ.

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан жалпы сомасы 492,3 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады (1 тоқсан 2022ж. – 247,1 млн. теңге), оның ішінде бұзушылықтар жойылды 456,6 млн. теңге немесе 83,5% (1 тоқсан 2022ж.– 224,8 млн. теңге), оның ішінде:

- 61,6 млн. теңге өтелуге жатады, оның 52,0 млн. теңгесі немесе 84,4% өтелді;

- өндірілуге ​​жататын 430,7 млн. теңге, оның ішінде өндірілді 404,6 млн. теңге немесе 93,9%.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін тексерілетін субъектілерге 23 ұйғарым (1 тоқсан 2022ж. – 27) жолданды, оның ішінде 2 ұйғарым бойынша орындау мерзімі жеткен жоқ, нұсқаманың 6 мерзімі ұзартылды. Толық орындалды – 15 ұйғарым (1 тоқсан 2022ж. – 19).

Бұйрық бойынша берілген жауаптар бойынша тексерілетін объектілердің 23 лауазымды тұлғасы жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды (1 тоқсан 2022ж. – 22).

 

 

 

Дата публикации
05 мая 2023
Дата обновления
05 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы