Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит қызметтерімен өзара іс-қимыл

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының                      14-бабының 4-тармақшасына сәйкес СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне енетін Ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызметін үйлестіру мақсатында:

  •  ішкі аудит қызметтеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 
  • жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есептік ақпаратына талдау жүргізеді;                                                                                                                                       
  • мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелдерді басқару объектілері бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жібереді;
  • ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Мәселен, департамент тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің арасында аудиторлық іс-шараларды өткізу, аудит материалдарына қосымшаларды толтыру, мемлекеттік аудит нәтижелерін ТБЖ/ФК ақпараттық жүйесіне енгізу мәселелері бойынша кеңестер өткізеді.

2023 жылдың 1 тоқсанында СҚО бойынша ІАҚ 3 аудиторлық іс-шара өткізілді, осы іс-шара барысында 1 363,3 млн.теңге суммасы қамтылды.

1 026,6 млн. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар -9,6 млн.теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 017,0 млн. теңге.

Аудиторлық іс – шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге, бюджетке өтелетін бұзушылықтардан 9,6 млн.теңге сомасында қалпына келтірілді және өтелді-1,6 млн. теңге немесе 16,7%.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 621,0 мың теңгеге айыппұл түрінде 6 әкімшілік жаза қолданылды, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Бұдан басқа, департамент ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидаларының 90-тармағына сәйкес ішкі аудит қызметтері есепті кезеңде ішкі аудит қызметтері жүргізген аудиторлық іс-шаралардың жалпы санының елу пайызы көлемінде ішкі аудит қызметтері құжаттарының сапасын бақылауды жүзеге асырады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында департамент аудиттің 2 материалы бойынша сапаны бақылауды жүзеге асырды, онда аудит нәтижелері ескертулермен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес деп танылды.

 

 

Дата публикации
04 мая 2023
Дата обновления
04 мая 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы