2023 жылдың I тоқсанында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылаумен 72,6 млрд. теңге сомасына 5 772 мемлекеттік сатып алу рәсімін қамтыды, 5,8 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 751 хабарлама жолдады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3- бөлігі бойынша хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін 3 жағдайда әкімшілік іс қозғалды.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан көбінесе сатып алу нысаны бойынша тиісті стандарттарды көрсетпеу, жалпы негіздерде ұлттық режимнен алынған тауарларды мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүзеге асыру, сондай-ақ Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында сатып алуды өткізбеу бөлігінде бұзушылықтарға жол беріледі.
Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және қиындататын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген талаптарды белгілеу бөлігінде бұзушылықтарға жол беріледі.
Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, тапсырыс берушілермен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдауда көбінесе тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бәсекеге қабілетсіз тәсілмен сатып алудың айырықша жағдайын растайтын тиісті негізсіз жол беріледі.