Меню

Страницы

Статья

Ішкі аудит қызметтерінің аудиторлық іс-шаралары бойынша 2023 жылғы 1 тоқсандағы есебі

ІМАК төрағасының  27.12.2021 жылғы № 333 бұйрығымен бекіткен МАОӨБ туралы Ереженің 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдары мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция департаменттерінің ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызметін үйлестіру шеңберінде ІАҚ қызметінің жиынтық-талдамалық есептік деректері ұсынылады.

ІАҚ аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес есепті кезеңге 131 аудиторлық іс-шара жоспарланған, оның ішінде аудитпен 74-і немесе 56,5% қамтылған.

ОМО,  ЖКО және ДП  ІАҚ -мен ұсынылған есептік деректерге сәйкес 2023 жылғы 1 тоқсанда 88 аудиторлық іс-шара өткізілген (2022 жылғы желтоқсанда басталған аудиторлық іс-шараларды ескере отырып), оның ішінде:

Сәйкестік аудиті

Тиімділік аудиті

Тиімділік аудиті және сәйкестік

29

12

47

33%

13,6 %

53,4%

 

Аудиторлық іс-шаралар шеңберінде 373,2 млрд. теңгелік бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылған. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 61,9 млрд. теңгелік немесе қамтылған қаражаттың 16,6% -ына  Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

млн. теңге

 

Барлық бұзушылықтар

Оның ішінде.

Олардың ішінде

есепке алу бойынша өтеуге, қалпына келтіруге және көрсетуге жататын

 Қалпына келтірілді,

өтелді және есепке алу бойынша көрсетіледі

 Қаржылық бұзушылықтар

Процедуралық бұзушылықтар

ОМО ІАҚ

 37 356,7  

 10 507,1  

 26 849,6  

 10 507,1  

 46,1  

ЖАО ІАҚ

 24 468,3  

 617,6  

 23 850,7  

 618,4  

 126,9  

ПД ІАҚ

 87,3  

 5,7  

 81,6  

 5,7  

 2,5  

Барлығы

 61 912,3  

 11 130,4  

 50 781,9  

 11 131,2  

 175,5 немесе 16%

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 89 шешім (ұйғарым) енгізілді (2022 жылғы желтоқсандағы аудит қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы қаңтарда қабылданған қаржылық бақылау шараларын ескере отырып).

Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 37 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  8 аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.

Комитеттің операциялық жоспарының «ОМО және ЖАО-ның ішкі аудит қызметтерінің аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету» көрсеткіші бойынша аудиторлық іс-шаралар материалдарының жалпы санынан 50 пайызы сапа бақылауымен қамтылады. Адиторлық іс-шаралардың барлығынан 91 материал қамтылған, оның ішінде ОМО ІАҚ - 50, ЖАО  ІАҚ- 36, ПД ІАҚ-5, оның ішінде:

 

«МАҚБ жалпы стандарттарына

сәйкес» деп танылғаны

 

«МАҚБ жалпы стандарттарына

ескертулермен сәйкес келеді» деп танылғаны

«МАҚБ жалпы стандарттарына сәйкес келмейді» -деп танылғаны

ОМО ІАҚ

 

49

1

ІАҚ ЖАО

4

28

4

ІАҚ ПД

1

1

 

Барлығы

5

81

5

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысының 23.06.2017 ж. № 3 хаттамасының 4.2.4.1-тармағын орындау мақсатында ведомстволық ақпараттық жүйені Ішкі аудит қызметтерінің есепті деректерімен толықтыруды қамтамасыз ету, Жоғарғы аудит палатасының интеграциялық деректер базасын (БДБ) қалыптастыру шеңберінде интеграцияланған ақпараттық жүйесіне одан әрі беру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Мәселен, бүгінгі таңда ОМО және ЖАО ІАҚ-мен  жүргізілген 88 аудиторлық іс-шараның 71 материалы  толық жіберіліп болды.

Сонымен қатар, барлық ОМО және ЖАО ІАҚ-ры «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесіне тіркелген.

МАОӨБ тұрақты негізде ТБЖ/ҚБ кіші жүйесіне материалдарды енгізу мониторингін жүргізеді және қазіргі уақытта ОМО және ЖАО ІАҚ-рінің материалдары ТБЖ/ҚБ кіші жүйесіне енгізілген.

Комитет 2020 жылғы тамыздан бастап ОМО және ЖАО ІАҚ  аудит материалдарының «Бұзушылықтар тізіліміне» ТБЖ/ҚБ кіші жүйесінде келісіліп отырады.

Сондай-ақ, ІМАҚ деректеріне сәйкес ІАҚ қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер, «Сапаны бақылау қорытындылары», «ТБЖ/ҚБ кіші жүйесіне аудит нәтижелерін енгізу» және т. б. Тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілген.

Есепті кезеңде электрондық аудит қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді, онда ІАҚ-де электрондық аудит жүргізуге уәкілеттік берілген.

2023 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша ІАҚ-ның барлық қызметкерлері ЭҚО қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылған МАӨОБ электрондық аудит жүргізу бойынша курсты тыңдады. 

                             

 

Дата публикации
21 апреля 2023
Дата обновления
21 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы