Меню

Страницы

Статья

Қаржылық есептiлiктің міндетті аудиті

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) өлшемдеріне сәйкес келетін жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептілік аудитін міндетті түрде жүргізуге тиіс.

Заңның 1-бабының 7-тармағына сәйкес жария мүдделi ұйымдар болып қаржы ұйымдар (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар танылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, жария мүдделі ұйымдар жыл сайын қаржылық есептілікке міндетті аудит жүргізуге және жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де қаржылық есептілік Депозитарийіне (www.dfo.kz) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 тамызына дейін жариялауға мiндеттi.

Егер жария мүдделі ұйым қаржылық есептілікті уақтылы жасамаса және оны Қаржылық есептілік депозитарийінде жарияламаса, қаржылық есептілікке аудитін жүргізбесе, онда ол міндетті аудиттен жалтарғаны немесе оның жүргізілуіне жол бермегені үшін 200 АЕК мөлшеріне дейін, қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне дәлелді себептерсіз жарияламау, бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет болмаса, міндетті аудит жүргізуден жалтару немесе оны жүргізуге кедергі жасау және кәсіпқой бухгалтер болып табылмайтын қоғамдық мүдделі ұйымның бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы 500 АЕК мөлшеріне дейін әкімшілік айыппұл салу қаупі бар. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің түріне (шағын, орта, ірі кәсіпкерлік) байланысты.

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі- Департамент) 2022 жылы «Қаржылық есептілік депозитарийі» ақпараттық жүйесінде қаржылық есептiлiкті уақытылы жарияламаған  9 объекті анықталды, оның 4-еуі Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, олар:  «№3 Атырау қалалық емханасы», «№5 Атырау қалалық емханасы», «Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы», «Дамбы дәрігерлік амбулаториясы». «№3 Атырау қалалық емханасы»  өткен кезеңдерде де осындай бұзушылықтарға жол беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдарды төлегенін айта кету керек.

Сондай-ақ, міндетті қаржылық есептiлiк аудитін жүргізбеген 3 заңды тұлға анықталды, олар: «Абылайхан групп» АҚ, «№3 Атырау қалалық емханасы», «Норт Каспиан Петролеум» МКК, «КаспийНефть» АҚ.

Барлық ұйымдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 239 және 250-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаржылық есептiлiкті «Қаржылық есептілік депозитарийі» ақпараттық жүйесінде уақытылы жарияламағаны және міндетті қаржылық есептiлiк аудитін жүргізбегені үшін жалпы соммасы 4226,9 мың теңге айыппұл салынып, айыппұлдар 2022 жылы бюджетке толықтай өтелді.

Бүгінгі күні Департамент жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті уақтылы жасауына және оны Қаржылық есептілік депозитарийінде жариялауына үнемі мониторинг жүргізіп отырады және бұзушылықтарды болдырмау үшін заңнама нормаларының сақталуы туралы  осы ұйымдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы