Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 1 тоқсанында 15 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның барысында 15 аудит объектісі қамтылды, оның ішінде 8 – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және 7 – кәсіпкерлік субъектілері.
Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді – 10, соның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 7;
- Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің тапсырмасы бойынша-3.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 365 330,7 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 87 802,2 мың теңге және процессуалдық бұзушылықтар – 277 528,5 мың теңге (ағымдағы шығыстар – 175 366,9 мың теңге, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу 110 897 мың теңге). теңге, басқа бұзушылықтар 72 569,7 мың теңге).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы 17 745,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелерін қозғайтындар – 17 694,9 мың теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша келесі ден қою шаралары қабылданды: 14 ұйғарым жолданды, 7 орындалды, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 28.03.2023 ж. жағдай бойынша 5 589 858,2 теңге сомасына 369 хабарлама жіберілді, оның ішінде 4 900 436,5 теңге сомасына 331 хабарлама орындалды.