2023 жылдың 1 тоқсанында ҚР ҚМ МҚА Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті Жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 31 аудиторлық іс-шара өткізді.
Жүргізілген аудиторлық тексерулермен жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның қорытындысы бойынша 1,6 млрд.теңгеге заңнаманы бұзу анықталды. Қабылданған қаржылық ден қою шаралары шеңберінде 69,5 млн. теңге қалпына келтірілді және өтелді.
Ішкі мемлекеттік аудит материалдары бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында өткізілген аудиторлық іс-шаралармен жол берілген бұзушылықтар үшін 28 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
Әкімшілік істер 12 лауазымды тұлғаға қатысты қозғалған, бұл ретте салынған айыппұлдар сомасы 1,8 млн. теңгеден астам соманы құрады және ол бюджетке толық көлемде төленді.