ҚР ҚМ МҚА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі уәкілетті органның бірі болып табылады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңға сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады;
2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша -70 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде 61 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша 6 хаттама (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін), ҚР ӘҚБтК-нің 267-бабы бойынша 1 хаттама (Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз), ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша 2 хаттамалар (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 6,2 млн.теңгеге айыппұл түрінде 70 әкімшілік жаза қолданылды, айыппұлдар сомасы бюджетке толығымен өндірілді.
Департамент "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдануды белсенді жүзеге асырады, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған адамға санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.