Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 1-тоқсанында 48 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 47 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 1 іс-шара -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.
Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 5 552,2 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 4 580,2 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 8,5 млн.теңгені және рәсімдік бұзушылықтар 4 571,7 млн. теңгені құрады.
Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 8,5 млн. теңге қаржылық бұзушықтардан 7,3 млн. теңге (86,0%) өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 3,8 млн. теңге болса, бюджетке 2,8 млн. теңге (73,7%) өтелді және жалпы сомасы 4,5 млн. теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілді.
2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша камералдық бақылаумен 244 664,7 млн. теңге соманың 7046 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 99 % құрайды) қамтылды, 1 325 лот бойынша 16 997,5 млн.теңгеге бұзушылықтар аңықталды.
Департаментпен есепті кезеңде 22 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,9 млн. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 25 лауазым тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды