Меню

Страницы

Статья

Жалған рәсімделген балалар

Мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды ұйымдастыруға байланысты мәселелер еліміздің ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Мәселен, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ата-аналардың өтініштері негізінде «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-де жергілікті атқарушы органдар балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит жүргізу барысында бюджетке өтелуге жататын 9 561,8 мың теңге сомасына қаржылық сипаттағы бірқатар бұзушылықтар және 4 129,6 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Департаментпен  «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

9 561,8 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар бюджетке толығымен өтелді, сондай-ақ оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігі қаралды.

 

                               Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
11 апреля 2023
Дата обновления
11 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы