2023 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің мемлекеттік аудиторлары 21 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 7 540,9 млн.теңге қамтылды.
4 212,9 млн.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 095,5 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 3 117,4 млн. теңге. Оның ішінде 321,2 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс – шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге, бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардан 1 095,5 млн.теңге сомасында қалпына келтірілді және өтелді - 1 069,3 млн. теңге немесе 97,6%.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 26 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына 22 413 мың теңге сомасына 1 аудит материалы жіберілді.
Жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 6 201,4 мың теңгеге айыппұл түрінде 70 әкімшілік жаза қолданылды, ол бюджетке толық көлемде өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 8 606,7 млн.теңге сомасына 617 хабарлама жіберілді.