Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№55 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Мекеме) мектептің бұрынғы және қазіргі директорларының өтініші бойынша 2018-2023 жылдардағы бас есепшіге еңбекақы, еңбек демалысы ақысы, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша және сауықтыру жәрдем ақысының дұрыс есептелуі және жеке есеп шотына аударылу негізділігіне жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ Заңының 10- бабының 1- тармағына қайшы, мектеп директорлары электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) мектептің бас есепшісіне ешқандай сенімхатсыз, яғни негізсіз бергендігі анықталды.
Осындай олқылықтың салдарынан және басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 103 – бабының 1 – тармағына, 113 – бабының 1 – тармағына, 114 – бабының 1 – тармағына қайшы, 2023 жылғы жағдай бойынша бас есепшіге жалпы сомасы 389 219,5 мың теңге көлемінде еңбекақы негізсіз аударылғаны анықталды.
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2023 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ Заңының 10-бабының 1-тармағына қайшы, мектеп директорының электрондық цифрлық қолтаңбаны мектептің бас есепшісіне ешқандай сенімхатсыз, негізсіз бергені туралы «ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» РММ-не хат жолданып, нәтижесінде мектеп директорына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 640-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Аталған бұзушылықтар бойынша Департаментпен заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті шаралар қабылданатын болады.