Жетісу облысындағы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келісім шарттық міндеттемелерді тиісті түрде орындау туралы мемлекеттік мекемеде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Талдықорған қаласының қысқы маусымында жолдарды қардан тазартуға бюджеттен бөлінген қаражатқа жүргізілген аудиторлық іс – шара нәтижесі бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының 11-бөлігінде және Талдықорған қаласының автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп-ұстауға арналған шарттардың 4.1-тармағының 2-тармақшасында бұзушылықтар анықталып, тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабының 10-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
2014 жылдың 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №540 қаулысыменжәне Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97-бабының 6-тармағын бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 238, 243-тармақтарыныңталаптары сақталмаған.
Департамент тарапынан құзыреті шегінде анықталған бұзушылықтар бойынша ден қою шараларын қабылданды.