Меню

Страницы

Статья

«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ–інде қаржылық бұзушылықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-де саябақтар мен скверлерді механикаландырылған жинау бойынша жұмыстарды орындауға шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудит барысында Департамент "Amanat "партиясы" қоғамдық бірлестігі өкілінің қатысуымен қардан механикаландырылған тазартуға жататын саябақтар мен скверлерді бақылау өлшемін және көзбен шолып тексеруді жүргізді.

Өлшеу нәтижелері бойынша жалпы ауданы 123 352 м2 болатын 52 саябақ пен сквер қардан тазартуға жататыны анықталды, бұл ретте мердігер орындалған жұмыстардың актілерінде 371 500 м2 аумақты көрсетті, бұл үш еседен асады.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 36 892,7 мың теңге сомасында ақы төлеуге ұсынылған жұмыстарды асыра бағалау бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шара барысында мердігер жергілікті бюджет кірісіне 36 892,7 мың теңге өтеді.

Дата публикации
29 марта 2023
Дата обновления
29 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы