Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары

Аудиторлық және бақылау қызметі.

Департаментпен 2022 жылы бақылаумен 225 008,9 млн. теңге қамтылып 115 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

           2021 жылдың осындай кезеңінде-93218,0млн.теңгені қамтитын 134 іс-шара

         Олардың ішінде 39 аудиторлық іс-шара Департаменттің бекітілген мемлекеттік аудит тізбесіне сәйкес жүргізілді (2021 жылдан 13 нысан кірді, 2022 жылдың тізбесі бойынша 26 нысан), 76 аудиторлық іс-шара жоспардан тыс бақылаумен жүргізілді (олардың ішінде ІМАК тапсырмалары бойынша-30)

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы  60 373,0 млн. теңге (немесе қамтылған қаражаттар көлемінің 26,8 %-ы), олардың ішінде:

-қаржылық бұзушылықтар сомасы 23161,5млн.тенге (анықталған бұзушылықтардың  жалпы сомасының 38,4 %-ы), олардың ішінде бюджетке өтелгені – 226,4млн.теңге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және тауарларды жеткізу түрінде қалпына келтіру және есепке алу бойынша көрсету – 22 935,1млн.теңге;

-рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 37 211,5млн.теңге (анықталған бұзушылықтардың  жалпы сомасының 61,6%-ы), оның ішінде ағымдағы шығындар бойынша бұзушылықтар  – 30737,5 млн.теңге немесе рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасының 82,6%-ы.

2021 жылы 59 643,3 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды немесе қамтылған қаражаттар көлемінің 64,0%-ы. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 8 764,2 млн.теңге немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 14,7%-ы (бюджетке өтелуге жататыны – 770,4 млн.теңге, қалпына келтіруге жататыны – 7993,8 млн.тенге), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы 50 879,1 млн.теңге немесе анықталған бұзушылықтардың  жалпы сомасының 85,3%-ы, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар – 40 490,1 млн.теңге немесе ), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасының 79,6%-ы). 

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде есепті кезеңде          22950,5 млн.теңге бюджетке өтеліп қалпына келтірілді, анықталған қаржылық бұзушылықтардың (23161,5 млн. теңге)  99,1%-ын құрайды, оның ішінде бюджетке өтелгені 72,3 млн.теңге, қалпына келтірілгені  22 878,2 млн.теңге.

2021 жылы аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 7 289,3 млн.теңге бюджетке өтеліп қалпына келтірілді, анықталған қаржылық бұзушылықтардың (8 764,2 млн. теңге)  83,2 %-ын құрайды, оның ішінде бюджетке өтелгені 181,1 млн.теңге, қалпына келтірілгені  7 108,2млн.теңге.

Бюджетке өтелмеген және қалпына келтірілмеген сомалар бойынша оларды бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жұмыстар жүргізіліп жатыр (бюджетке өтелмеген және қалпына келтірілмеген сомалардың қалдығы 16 нысан бойынша 211,0 млн. тенге):

- «Қарағанды қаласының білім бөлімі» М - 126,1млн.теңгеге жыл соңына дейін өтеу кестесі жасалды;

-«Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» ММ - 7,9млн.теңге мердігердің кепілдендірілген хаты бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 2023 жылдың сәуір айының соңына дейін ұзартылды;

- ҚР ҚМ «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы" РММ -  3,8 млн.теңгеге аудит материалдары әрі қарай процестік шешім қабылдау үшін Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасына жолданды;

- «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ - 3,0 млн.теңге жасалған өтеу кестесіне сәйкес үш жыл ішінде бюджетке өтелетін болады.

Аудиттің 7 нысаны бойынша  «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (41,3 млн. теңге), Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КМК (8,0 млн. теңге), Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының  «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК( 5,1 млн. теңге), «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ (3,2 млн. теңге), «Бұқар жырау агротехникалық колледжі» КММ (1,4 млн. теңге), Теміртау қаласының білім бөлімінің «№1 гимназиясы» КММ (1,0 млн. теңге), «Бұқар Жырау ауданының құрылыс бөлімі» ММ (0,6 млн. теңге) нұсқамалардың орындалуы сот шешіміне дейін ұзартылды.

Аудиторлық іс-шаралар барысында белгіленген заңнаманы бұзудың жарқын фактілері:

«Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ өткізілген қаржылық есептілік аудиті нәтижесінде жалпы сомасы 22248,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды: медициналық колледждердің 11 оқытушысына жалақысын артық төлеу жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеге; квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілігінде жалпы сомасы 22 214,6 млн. теңгеге инвестициялар көрсетілмеген және танылмаған; жалпы сомасы 21,4 млн. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарына негізсіз ақы төленген («Ақтоғай ауданының Орталық аудандық ауруханасын күрделі жөндеу» объектілері бойынша -6,3 млн. теңге; «Тұрғын емес ғимараттарды/үй - жайларды жөндеу» объектісі бойынша-3,5 млн.теңге; «Тұрғын емес ғимараттарды/үй-жайларды жөндеу» объектісі бойынша-11,6 млн. теңге); мекеменің шотында конкурстық өтінімді және Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың талаптарын қамтамасыз ету үшін олар енгізген ақшалай қаражат, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер талап етпеген 11,7 млн. теңге анықталды.

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін мониторингтеу нәтижелері бойынша орындалған жұмыс көлемін бақылау өлшемдерінің нәтижелері 2021 жылғы желтоқсан айында оларды орындалған жұмыстар актілерінде көрсетілген деректермен салыстыру арқылы Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстарға ақы төлеудің негізділігі мәселесі бойынша жүргізілген сәйкестік аудитінде «Жезқазған қаласы Теректі станциясында 80 орындық мектеп құрылысы», «Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде 464 орындық мектебінің құрылысы», «Қарағанды қаласында 11а шағын ауданында жалпы білім беретін мектептің құрылысы» нысандарында орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жалпы сомасы 145,1 млн. теңге төленген.

Сонымен қатар, «Qaz Carbon «Индустриялық аймағына электрмен жабдықтау желісінің құрылысы» объектісі бойынша «Электромонтаж» ЖШС (мердігер) сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемін қамтымайтын жалпы сомасы 322,6 млн. теңгеге материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актілері ұсынған, ал, «Тапсырыс беруші» көрсетілген сомаға материалдар қабылдап бюджет қаражатын төлеген.

Қарағанды облысы Білім басқармасының «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ-де жергілікті атқарушы органдардың білім беру ұйымдары бойынша мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудитінің нәтижелері бойынша Қарағанды қаласының білім бөлімі 2021 жылғы желтоқсанда Қарағанды қаласының мектепке дейінгі білім беру жеке ұйымдарын қаржыландыру 2021 жылғы желтоқсанда Қарағанды қаласының INDIGO-24, нәтижесінде 34 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар бойынша жалпы сомасы 23,5 млн.теңгеге қызметтер артық төленді. Сондай-ақ, карантин кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан 05 шілдеге дейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлем балаларға бару фактісіне қарамастан барлық тізімдік құрамға жүргізілді, нәтижесінде ұсынылған есептеулерге сәйкес 52 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жалпы сомасы 126,6 млн.теңгеге негізсіз қаржыландырылды.

 

 

Жымқыру белгілері бар анықталған бұзушылықтар фактілері:

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КМҚК-да аурухана қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу мен төлеудің негізділігі мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді. Сovid-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған және сатып алу хаттамасына сәйкес медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларын сақтау, онда жұмыс істеген сағаттар бойынша ұсынылған жұмыс уақытын есепке алу табельдерінің дұрыстығын қамтамасыз етпеу нәтижесінде аурухананың 7 қызметкеріне жалпы сомасы 8,0 млн.теңге жалақы негізсіз төленді.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК-да аурухана директорының өтініші негізінде қызметкерлерге жалақы мен қосымша ақыны есептеу мен төлеудің негізділігі мәселесі бойынша аудит жүргізілді, онда аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,1 млн.теңгеге жоқ қызметкерлерге негізсіз жалақы төленгені анықталды.

«Бұқаралық және балалар спортын дамыту орталығы» КММ-де «Арт спорт» жобасын іске асыруға бөлінген қаражаттардың пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді, онда «дзюдо» және «шахмат» секцияларына қатысу туралы анық емес мәліметтердің берілуіне байланысты жалпы сомасы 1,8 млн.теңгеге бюджет қаражатының негізсіз төлеу фактісі анықталды.

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-де «Арт спорт» жобасын іске асыруға бөлінген қаражаттардың пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді, онда «ұлттық (халықтық) би» және «қазіргі заманғы эстрадалық би» секцияларына қатысу туралы анық емес мәліметтердің ұсынылуына байланысты сомасы 0,4 млн. теңгеге бюджет қаражатының негізсіз төленгені анықталды.

Камералдық бақылау нәтижелері

 Департаментпен 2022 жылы барлығы 40770 мемлекеттік сатып алу лоттары жалпы сомасы 688,7 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылуы қажет болған, оның ішінде 673,6 млрд. теңгеге 40301 лот қамтылды (қамтылу 98,8%).

2777 лот (6,9%) бойынша сомасы 61,6 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, олар бойынша 2669 хабарлама жіберілді.

Жіберілген 2669 хабарламаның 2644-і сомасы 61,4 млрд. теңгеге орындалды. Сомасы 0,16 млрд. теңге болатын 26 хабарлама бойынша орындалу мерзімі келген жоқ.

Құқық қорғау органдарына беру үшін жағдайлары анықталмады.

Хабарламаны тиісінше орындамағаны үшін 49 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материалдар сотқа жіберілді.

2022 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберілген әлеуетті өнім берушілердің 1836 шағымы қаралды, оның ішінде 982 қанағаттандырылды, 854 қабылданбады.

Аудит объектілері Департаменттің хабарламаларына 52 қарсылық жолдады, онда апелляциялық комиссияның қорытындысына сәйкес 25-і қабылданбады, 18-і ішінара қанағаттандырылды, 8-і қанағаттандырылды және 1 қарсылық қарауда.

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сапамен бақылауымен әлеуетті өнім берушінің Департаменттің шешіміне 1 қарсылығы қаралды, оның нәтижелері бойынша Хабарламаның күші жойылды.

 

Қабылданған шаралар.

2022 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 119 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік жауапкершілікке 3,9 млн. теңге айыппұл сомасына 17 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде бюджетке 3,8млн.теңге төленді.

За период 2021 года в правоохранительные органы переданы 18 материалов для принятия процессуального решения на общую сумму нарушений 9769,2 млн. тенге, по 7-ми проверкам возбуждены уголовные дела.

 

   

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жалпы бұзушылық сомасы 488,7 млн. теңгеге 8 материал берілді (ҚР ҚМ «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы РММ, «Шет ауданы білім бөлімінің» Ш. Батталова атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ, «Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» ММ, «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, Қарағанды облысының «Жеңіл атлетика олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КМҚК, Теміртау қаласының «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК), оның ішінде 485,0 млн. теңге сомасына 6 материал өндірісте, 2 материал бойынша 3,7 млн. теңге сомасына қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.

Жария мүдделі ұйымдармен жұмыс

АЕО (ақпараттық есеп орталығы) мәліметтеріне сәйкес Қарағанды облысы бойынша 294 ЖМҰ-дан (жария мүдделі ұйымдардан) 50 ұйым 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікті депозитарийге ұсынбаған, оның ішінде 27 ЖМҰ 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікке аудиторлық есепті ұсынбаған.

Бүгінгі таңда 50 ЖМҰ -дан 8882,7 мың теңге сомасына 25 ЖМҰ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 239-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (депозитарийге есептілік ұсынбау) жасалды, 4594,5 мың теңге (17 ЖМҰ) бюджетке өндірілді.

Қалған 25 ЖМҰ бойынша әкімшілік іс басталған жоқ, өйткені Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің 13.09.2019ж. №МКД 12-1-13/25487/20147 хатына сәйкес-олар (1 ЖМҰ) әрекетсіз, (8 ЖМҰ) қоғамдық мүдделер ұйымы емес, (1 ЖМҰ) сот шешімдеріне сәйкес, өткен жылдар бойынша кәсіпорын есеп беруге міндетті емес, сонымен қатар, келу туралы хабарламаларды тапсыру мүмкін болмағандар (15 ЖМҰ). бойынша 16.11.2022 ж. мәжбүрлеп әкелуге ұйғарымдар шығарылып, Қарағанды қаласының полиция басқармасына және Қазыбек би атындағы  аудан прокуратурасына жіберілді. Қарағанды қаласының полиция басқармасымен белгіленген күні жария мүдделі ұйымдарды мәжбүрлеп әкелу қамтамасыз етілген жоқ.

27 ЖМҰ-дың ішінен 9 ЖМҰ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 250-бабы бойынша (аудиторлық есепті ұсынбау) 382,9 мың теңге сомасына хаттама толтырылды.

18 ЖМҰ бойынша әкімшілік іс жүргізу басталмады, өйткені жария мүдделі ұйымдардың және уәкілетті органдардың хаттарына сәйкес олар міндетті аудит жүргізді не жүргізеді, шарттардың көшірмелері ұсынылды (6 ЖМҰ), әрекет етпейді (1 ЖМҰ), жария мүдде ұйымдары болып табылмайды (1 ЖМҰ), сонымен қатар, келу туралы хабарламаларды тапсыру мүмкін болмағандар (10 ЖМҰ) бойынша 16.11.2022 ж. мәжбүрлеп әкелуге ұйғарымдар шығарылып, Қарағанды қаласының полиция басқармасына және Қазыбек би атындағы  аудан прокуратурасына жіберілді. Қарағанды қаласының полиция басқармасымен белгіленген күні жария мүдделі ұйымдарды мәжбүрлеп әкелу қамтамасыз етілген жоқ.

Өндірілмеген әкімшілік айыппұлдар мәжбүрлеп өндіріп алуға бағытталды.

 

Ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіру

2022 жылы Ішкі аудит қызметін үйлестіру шеңберінде Департамент стандарттарға сәйкес келетін 10 аудит материалдары бойынша сапаға бақылау жүргізді (Қарағанды облысы полиция департаменті Ішкі аудит бөлімінің: «ҚР ІІМ ҚАЖК АК-159/20 мекемесі» РММ, «ҚР ІІМ ҚАЖК АК-159/20 мекемесі» РММ. Қарағанды облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі: «Сәтбаев индустриалды колледжі» КММ, «Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КММ, Қарағанды қаласының білім бөлімінің «Балдырған «бөбекжайы» КМҚК, Осакаров ауданының «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚК, «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК, «мектеп - Балқаш қаласының» Михаил Русаков атындағы интернаты, «Бұқар Жырау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, Қарағанды қаласының білім бөлімінің «№18 жалпы білім беретін мектебі» КММ).

Департамент «ТБЖ/ҚБ» ақпараттық жүйе жұмысы бойынша ІАҚ мамандарымен тұрақты негізде техникалық оқу жүргізеді.

 

ҚР ҚМ Операциялық жоспарының көрсеткіштерін орындау

1) ҚР Қаржы министрлігінің 2022 жылғы операциялық жоспарына сәйкес өтелген және қалпына келтірілген қаражаттың пайызы кемінде 95% -ды құрауы тиіс. Бюджетке қалпына келтірілген және өтелген сомалардың нақты үлесі 99,1% -ды құрады, яғни, осы тармақ бойынша жоспар орындалды.               

Қабылданған шаралармен:

 - бюджетке 72,3 млн. теңге өтелді, 11 нысан бойынша өтелмеген сомалардың қалдығы 154,0 млн. теңге;

 - 22878,2 млн. теңге қалпына келтірілді, қалпына келтірілмеген сомалардың қалдығы 57,0 млн. тенгені құрайды;

2) 2022 жылы ішкі аудит қызметтерінің (ІАҚ) аудит материалдарының сапасын бақылаумен қамту - 10 бірлікті құрауы тиіс. Сапа бақылауымен 10 материал қамтылды, оның ішінде 8 жергілікті атқарушы органның ішкі аудит қызметі материалдары және 2 материал ПД ІАБ (полиция департаментінің Ішкі аудит бөлімі).  

        3) 2022 жылы аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолданудың тиімділігі кемінде 85%-ды құрауы тиіс. (жоспарлы тексерулердің жалпы санына бұзушылықтары бар жоспарлы тексерулердің саны) есепті кезеңде ТБЖ қолдану тиімділігі 96,1%-ды құрады. (26 жоспарлы тексерудің 25-інде бұзушылықтар анықталды).

4) ҚР ҚМ-нің 2022 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жоюға аудит объектілеріне жіберілген нұсқамалардың орындалу пайызы 88%-ды құрауы тиіс. Осы тармақ бойынша жоспар орындалды, аудит объектілері орындаған нұсқамалардың үлес салмағы 100% құрады.

5) ҚР Қаржы министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес камералдық бақылаумен қамту кемінде 90%-ды құрауы тиіс. Есепті кезеңде камералдық бақылаумен қамтылған рәсімдердің үлес салмағы 98,8%-ды құрады, осы тармақ бойынша жоспар орындалды.

 

Қаржылық есептілік аудиті

2022 жылға арналған бекітілген объектілер тізбесіне сәйкес 6 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде қаржылық есептілік аудиті жоспарланған («Шет ауданының тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ, «Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Шет ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Қарағанды облысының дін істері жөніндегі басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы»ММ), бүгінгі таңда барлық 6 нысанда бақылау басталған және  2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында аяқталады.

ҚР ҚМ ІМАК екінші деңгейлі сапаны бақылауы

    2022 жылы екінші деңгейлі сапаны бақылау 26 нысан бойынша жүргізілді: 2 аудит объектісі ескертусіз, 22 аудит объектісі ескертулермен, 2 аудит объектісі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарына сәйкес келмейді («№4 емхана» КМК - өтініштің барлық сұрақтары аудиторлық есепте қаралған жоқ; «Қарағандывидшахт» ЖШС - аудит бағдарламасының жекелеген сұрақтары ашылмаған, сондай-ақ аудит бағдарламасының жекелеген сұрақтарына жауаптар толық көлемде баяндалмаған). Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарына сәйкес келмейтін материалдар бойынша мемлекеттік аудиторлар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ («№4 Емхана» КМК-ы бойынша аудитордың зейнетке шығуына байланысты; «Қарағандывидшахт» ЖШС аудиторлық есеп 18.10.2018ж.-  теріс қылық жасалған күннен бастап 6 айдың өтуіне байланысты).

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2023
Дата обновления
20 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы