Меню

Страницы

Статья

«2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті ұсынбағаны үшін жария мүдделі тұлғаларға қатысты 2022 жылы қолданылған әкімшілік шаралар туралы ақпарат».

Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды. Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).

Заңның 1-бабына сәйкес жария мүдделі ұйымдар ол, қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруші ұйымдарды қоспағанда) және жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар ұйымдар сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар. Қарағанды ​​облысында депозитарийдің деректер базасында 294 жария мүдделі ұйымдар бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 28 қантрадағы № 94 бұйрығымен бекітілген Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), ұйымдар (есепті кезең ішінде әрекетсіз және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланғандарды қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийдің интернет – ресурсы арқылы салалық заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, депозитарийді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті болып айқындалған ұйымға жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

2022 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін 25 жария мүдделі  ұйымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты,  яғни Ережеде белгіленген мерзімде уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті ұсынбауы. Департаменттің және Қарағанды ​​облысы соттарының қаулыларымен жалпы сомасы 8 882,7 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жария мүдделі ұйымдар Уәкілетті ұйымға электрондық форматта аудиторлық есептіде ұсынады. Қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізуден жалтарғаны және депозитарийге аудиторлық есепті ұсынбағаны үшін 9 жария мүдделі ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 250 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 382,9 мың теңгеге айыппұл салынды.

 

           

 

                                             

Дата публикации
20 марта 2023
Дата обновления
20 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы