Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы шеңберінде 2019 – 2022жж кезеңінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ҚҚС төлеуші болып табылмайтын өнім берушілерге қосылған құн салығының (бұдан әрі-ҚҚС) негізсіз төленген сомасын өтеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Департамент 11 924,2 мың теңге сомаға 143 шарт бойынша негізсіз төленген ҚҚС сомасын бюджет кірісіне өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізді. 2022 жылы жасалған 39 шарт бойынша шарттық міндеттемелер 3 800,5 мың теңге сомасына азайтылды. Сондай-ақ, 5 Өнім беруші негізсіз алынған ҚҚС-ты қайтару туралы 6 шарт бойынша 4 291,4 мың теңге сомасына кепілдік міндеттемелерін ұсынды.
Бұдан басқа, тапсырыс берушілер 34 шарт бойынша 6 176,3 мың теңге сомаға негізсіз төленген ҚҚС өндіріп алу туралы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.
Департамент ҚҚС бойынша артық төленген сомаларды бюджет кірісіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.