«Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ жүргізілген сәйкестік аудитпен жалпы сомасы 4 053,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын - 1 099,4 мың теңге, қалпына келтірілуге жататын- 2 954,0 мың теңге. Қабылданған шаралар нәтижесінде толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді.
Қостанай қаласы «Юбилейный» шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша «№50 бес қабатты тұрғын үй құрылысы» объектісіне 10.06.2019 ж. №303 жасалған шарт бойынша құрылыс – монтаж жұмыстарын орындау төлемдердің негізділігіне жүргізілген сәйкестік аудитпен «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ жалпы сомасы 130 000,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар белгіленді, олар қабылданған шаралармен толық көлемде қалпына келтірілді. Аудит нәтижелері бойынша 2 лауазымды тұлға ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудит материалы құқық қорғау органдарына мәні бойынша қарау үшін берілді.