Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылғы камералдық бақылау саласындағы қызметінің қорытындылары

2022 жылғы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеке және заңды тұлғалардан 3 095 өтініш қаралды, оның ішінде:

- толық қанағаттандырылғаны - 507 өтініш (16,3%);

- ішінара қанағаттандырылғаны -893 өтініш (28,9%);

- қанағаттандырудан бас тартылғаны -1695 өтініш (54,8%);

2022 жылғы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1825 хабарлама жіберілді, оның ішінде:

- 1 бағыт бойынша-95 хабарлама (5,2%);

- 2 бағыт бойынша-40 хабарлама(2,2%);

- 3 бағыт бойынша-1 хабарлама (0,1%);

- 4 бағыт бойынша-910 хабарлама (49,8%).

– Бағалы ұсыныстарды сұрату, бір көзден алу тәсілі және ТБ тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу бойынша 779 хабарлама жолданды (42,7%).

Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне 40 қарсылық түскен, Қарсылықтардың 31 қанағаттандырудан бас тартылған, 9 Қарсылық ішінара қанағаттандырылған.

Болдырылмаған хабарламалар – 1.

Департамент 8 мемлекеттік мекмелердің кодтар мен шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтатты, оның ішінде:

  • Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
  • Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  • Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
  • Мақтаарал ауданыны әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  • Сарыағаш ауданы әкімдігінің«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
  • Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Кентау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
  • Ордабасы ауданы әкімдігі «Бөген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  • Ордабасы ауданы әкімдігінің Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы