Меню

Страницы

Статья

«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекетті аудит департаментімен «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Artsport» жобасын іске асыруға бөлінген ақша қаражатының жұмсалуына аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша  жалпы, 22 256,4 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-IV «Бюджет кодексінің» 97 бабының 6 тармағының талаптарының және  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының»   8-тармағының талаптарын сақтамай Мекеме тарапынан 262003046 бюджеттік бағдарламасымен 2021-2022 жылдары 26 ЖК мен ЖШС-ің үйірмелеріне қатысушы балалар басқа облыстардың, қалалалардың, аудандардың білім мекемелерінде тіркелгеніне қарамастан 159 балаға  22 256,4 мың теңге төленген.

Қазіргі таңда, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, жалпы 22 256,4  мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы