Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы ІМАД 2022 жылғы әкімшілік тәжірибе бойынша нәтижелері

2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығына сәйкес, Ұлытау облысы құрылды.

2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің «Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудим департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Департамент), құрылды және әділет органдарында тіркелді.

Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі уәкілетті органдардың бірі болып табылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес бұзушылықтың жолын кесу шараларының бірі заңды және жеке тұлғалардың әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілігі болып табылады.

Мәселен, 2022 жылдың өткен кезеңінде барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, оның ішінде 462-бап бойынша 10 әкімшілік іс қозғалып, олардың материалдары мәні бойынша қарау үшін сот органдарына жіберілді.

207-бап бойынша жалпы сомасы 306 300 теңгеге 4 әкімшілік іс қозғалды, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

239-бап бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды, 1-хаттама бойынша әкімшілік іс сот органында шағым жасалды және Департамент тарапына оң шешіммен қаралды, 1-қаулы бойынша әкімшілік іс сот орындаушыларына салынған әкімшілік айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін жіберілді, оның ішінде 4 әкімшілік іс бойынша жалпы әкімшілік айыппұл өндірілді сомасы 1 379 300 теңге.

Осылайша, әкімшілік айыппұлдар сомасы бюджет кірісіне 1 685 600 теңге көлемінде өндірілді.

Сонымен қатар, бюджет кірісіне салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасын өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

2022 жылдың өткен кезеңінде осы бағыттағы жұмыс белгіленген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың жоғары пайызын көрсететін белгілі бір серпінді көрсетті.

Бюджетке салынған айыппұлдар сомасын өндіріп алудың тиімділігі мен көрсеткішін одан әрі күшейту және арттыру мақсатында Департамент осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы