Меню

Страницы

Статья

Аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы профилактикалық бақылау

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасы аумақтық департаменттермен бірлесіп, 2022 жылдың екінші жартыжылдығында 18 аудиторлық ұйымға, 2 кәсіби аудиторлық ұйымға және 4 бағалаушылар палатасына профилактикалық бақылау жүргізді.

Осылайша, аудиторлық ұйымдардың жүргізген бақылауымен негізінен есептілікті ұсыну мерзімдерін сақтамау, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы шарттар жасаспау, аудиторлық есептің, ілеспе қызметтер көрсету жөніндегі есептің дұрыстығы, аудит жүргізуге арналған шарттардың сәйкестігі болып табылатын аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды.

2 кәсіби аудиторлық ұйымның бақылауымен есептілікті ұсыну талаптарының бұзылуы, аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізу тәртібі, аудиторларды арттыру курстарынан өту мерзімдерінің сақталмауы анықталды.

4 бағалаушылар палатасының бақылауымен бағалау қызметі туралы заңнаманың бұзылуы анықталды, атап айтқанда, мүдделер қақтығысы, бағалаушылардың екі Палатаға мүшелігі, тұтыну дауларын қарау жөніндегі мамандандырылған орган құрмау, сараптама жүргізу мерзімдерін бұзу және басқалар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша аудиторлық ұйымдардың, кәсіби аудиторлық ұйымдардың және бағалаушылар палаталарының атына толық көлемде орындалған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігіне бағалау және аудиторлық қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жолданды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығына Комитет төрағасының 09.12.2022 ж. № 392 Бұйрығымен профилактикалық бақылау тізімі бекітілді, оған 2-ші кәсіби аудиторлық ұйымдар мен 26 аудиторлық ұйымдар кірді.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы