Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылғы мемлекеттік сатып алуды бақылау саласындағы қызмет қорытындысы

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бақылауды камералдық тәсілмен, яғни электрондық портал арқылы жұмыс орнында аудит объектілеріне бармай жүзеге асырады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылы аудит объектілеріне 14,7 млрд.теңге сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуын жоюға 876 хабарлама жіберілді, оның ішінде 11,3 млрд. теңге сомаға 442 хабарлама бойынша сатып алу қорытындысы қайта қаралды.

Конкурс рәсімдеріне шағымдану шеңберінде Департамент атына 927 шағым келіп түсті, олар толық көлемде қаралды. Қарау нәтижелері бойынша Департамент келесі шешімдер қабылдады: 523 шағым толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 404 шағым қанағаттандырудан бас тартылды.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес 2022 жылы айыппұлдың жалпы сомасы 26,6 млн.теңгеге 437 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде бюджетке 25,4 млн. теңге түсті. Сомалардың қалдықтары бойынша материалдар сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындауға берілді.

 

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы