Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы ШҚО бойынша ІМАД аудиторлық іс-шараларының қорытындылары

2022 жылы ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) жалпы сомасы 60 153,9 млн.теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамти отырып, 173 аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 35 882,4 млн. теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 2 022,3 млн.теңгені, рәсімдік бұзушылықтар 33 860,1 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметін жақсартуға бағытталған 164 нұсқама мен тиісті ұсынымдар жіберілді.

Қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл аясында процестік шешім қабылдау үшін 14 аудит материалы берілді, талап қою жұмыстары бойынша Департамент сотқа 5 талап арыз берді, олар толық көлемде қанағаттандырылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін 35 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 178 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

11 421,5 млрд.теңге сомасына мемлекеттік сатып алудың 636 458 рәсімін камералдық бақылаумен барынша қамту қамтамасыз етілді, нәтижесінде 1  265,3 млрд. теңге сомасына 54 384 лот бойынша бұзушылықтардың уақтылы жолы кесілді.

2022 жылы Департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен этикалық нормаларын арттыруға бағытталған 71 семинар-кеңес өткізілді.

 

 

 

 

 

ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы