«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.
Осылайша, 2020 жылдың 4 айы барысында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 5 755 978,2 млн.теңгеге 890 025 мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 502 049,6 млн.теңгеге 20 276 процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 19 157 хабарлама жолданып, оларды орындау үшін бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 436 423,5 млн.теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Хабарламалардың уақытылы орындалмағаны үшін қабылданған шаралар арқылы 2020 жылдың 4 айыбарысында Комитет шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 22 өкім шығарған.
Сонымен қатар, Комитет 653 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, оның барысында 296 047,6 млн.теңге қаражат қамтылған. Бұл ретте, сомасы 92 451,4 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, саны 792 процедуралық сипаттағы бұзушылықтар анықталған.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бүгінгі күнге дейін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 85 777,4 млн. теңге жойылған.
Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 586 ұсыныс беріліп, олардың 432 орындалған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 214 лауазымды тұлға сомасы 34,4 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 34,3 млн. теңгесі бюджетке төленген.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін 368 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Аудиторлық шаралардың қорытындылары бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін сомасы 7 624,3 млн.теңге болатын 82 материал құқық қорғау органдарына жолданды.
Жыл соңына дейін Комитеттің 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінуақытылы және сапалы орындау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.