Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары бойынша ақпарат

Қаржылық есептілік аудиті - бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу. Аудиторлардың міндеті -қаржылық есептілікте жосықсыз әрекеттер немесе қателіктер салдарынан елеулі бұрмаланулардың болмауын дәлелді сенімділікті алу болып табылады.

2022 жыл қорытындылары бойынша Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторларымен қаржылық есептілік аудиті бойынша Астана қаласының Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасына, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына, Астана қаласының құрылыс басқармасына, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына, Астана қаласы әкімінің аппаратына 4 аудиторлық іс-шара өткізілді, аудит материалдары бойынша жалпы сомасы 16 393 176,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұзушылықтар сомасы толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 12 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 983,0 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бюджет кірісіне толығымен өндірілді.

Сондай-ақ, аудит объектілерінің тізбесі негізінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 35 объектіде аудит жүргізілді, онда аудит материалдары бойынша жалпы сомасы 21 462 340,0 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде жалпы сомасы 2 476 556,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 58 399,3 мың теңгеге өтелді, 2 010 456,7 мың теңге қалпына келтірілді. Жалпы сомасы 4 659,8 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Сондай-ақ, "Ақпараттық-есепке алу орталығы"АҚ депозитарийіне жылдық қаржылық есептілікті және жылдық қаржылық есептілікке аудиторлық есептерді ұсынбағаны үшін жария мүдделі ұйымның жауапкершілігін қарау бойынша жұмыс жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10 743,5 мың теңгеге 40 әкімшілік іс қозғалды және ЖМҮ ұйымдары бюджет кірісіне 10 590,3 мың теңгені өтеді, өтелмеген соманың қалдығы Департамент қаулысына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына жіберілді.

2022 жылдың екінші жартыжылдығында аудиторлар үш объектіде бағалау және аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізді. Аудит қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар жіберілді.

Жалпы, Департаментте қаржылық есептілік аудиті бойынша жұмыс бұзушылықтарды анықтаумен қатар, уақтылы және толық көлемде жүргізіледі.

 

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы