Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бұзушылықтың жолын кесу мақсатында заңды және жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 713 әкімшілік хаттама жасалды, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекскінің 207–бабы бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін -612 хаттама, 238-бабы бойынша, жеке және лауазымды тұлғалардың бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін- 94 хаттама, 239-бабы бойынша, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін - 2 хаттама, 250-бабы бойынша, міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін - 1 хаттама, 247 - бабы бойынша, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін - 4 хаттама.
96 әкімшілік хаттама өздеріне қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалған адамдардың өтініші бойынша Ақтөбе облысының соттарының қарауына берілді.
Жалпы сомасы 47 882 347,5 теңгеге айыппұл салынып, толығымен бюджет табысына өндірілді.
Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдануды белсенді жүзеге асырады, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған адамға санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.