Қазақстанның алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешудің шарттарының бірі мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нәтижелі қызметі болып табылады. Бюджеттік ресурстарды, мемлекет активтерін, оларды пайдалану нәтижелері туралы жеткілікті толық ақпаратсыз тиімді басқару қиын.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың 12 айында 76 аудиторлықіс-шара өткізді, оның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 542 610 802,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар 183 620 649,5 мың теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 358 990 152,9 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзылуы 75 747 555,5 мың теңге сомаға.
Есепті кезеңде Департаменттің қабылданған ден қою шараларының нәтижелері бойынша 182 114 462,7 мың теңге немесе 99,2% бюджетке өтелді және бухгалтерлік есеп, жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу бойынша қалпына келтірілді.
Құқық қорғау органдарына 106 936 005,2 мың теңге сомаға 9 аудит материалы берілді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 70 439,4 мың теңге сомасына 511 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде бюджетке 70 439,4 мың теңге немесе 100% сомасында өндіріп алынды.
Мемлекеттік аудит объектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы жан басына шаққандағы қаржыландырудың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге және 2020-2021 жылдар кезеңінде тұрақтандыру қорына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға, ақша қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалануға бағдарланған бюджетті әзірлеу мен орындаудың бұзылуына әкелді, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қолжеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қолжеткізу, сондай-ақ мемлекет активтері мен квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару, бағдарланған бюджетті әзірлеу мен орындаудың бұзылуына әкелді.
Тиімділікті арттыру және қызметті жетілдіру мақсатында объектілерге мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыру үшін ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету ұсынымдары жіберілді.
Бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі алдын алу шаралары мақсатында мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын бюджет қаражаты мен мемлекетактивтерінің жұмсалуына бақылауды күшейту туралы ескерткім келеді.
Жоспарлау талдау, есептілік
және сапаны бақылау бөлімінің басшысы А. Тастанов