Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған "Инватакси" қызметтерін көрсетудің дұрыстығы мен шынайылығы сұрағы бойынша жүргізілген аудитпен аудит нысанымен «Бәйтерек мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігіне» «Инватакси» қызметтері үшін - 6 792,5 мың теңгеге, «Белый парус «Мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне» 514,7 мың теңгеге бюджеттен негізсіз төленгені анықталды.
Аудиторлық іс-шаралар барысында «Белый парус «Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінен» - 514,7 мың теңге толық бюджетке өндірілді.
«Бәйтерек» мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігіне қатысты аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдары жіберілді.
ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті