Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы

Департаментпен ҚР "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңының 18-бабына сәйкес жоспардан тыс 18 аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 2 535 973,3 мың теңгені, оның ішінде бақылаумен қамтылған мемлекеттік сатып алу сомасы 526 727 мың теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 138 275,5 мың теңгені құрады, оның ішінде;

- 758 028,5 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 1 380 247,0 мың теңге:

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген жауапты тұлғаларды қарау мақсатында аудит объектілеріне 17 нұсқама жіберілді. Бұл ретте, аудит объектілерінің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Департаменттің аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 1056,3 мың теңге сомасына 14 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылды, олар тиісті бюджеттің кірісіне толық көлемде өндірілді.

Екі аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша тиісті материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданғанын атап өту қажет.

Сонымен қатар, Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес Жетісу облысының ұйымдастырушылары/тапсырыс берушілері өткізетін мемлекеттік сатып алуларға тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізеді.

Мәселен, жалпы сомасы 31,1 млрд. теңгеден астам мемлекеттік сатып алудың 3 229 лоты камералдық бақылаумен қамтылды, оның қорытындысы бойынша 6,8 млрд.теңге сомасына 804-лот бойынша бұзушылықтар анықталды және олар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 804 хабарлама жіберілді.

Бұдан басқа, Департамент қызметкерлері бірыңғай ұйымдастырушылармен және тапсырыс берушілермен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылай отырып, Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді жеткізу бөлігінде семинарлар өткізілген.

Сондай-ақ, өткізілетін семинарлар шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғатын Мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын бұзушылықтар жеткізілді.

 

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
16 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы