"Ақпараттық есеп орталығы" акционерлік қоғамына қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша – ӘҚБтК) 239 және 250-баптарында көзделген әкімшілік жауаптылықта болады.
2022 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР ӘҚБтК 239-бабы бойынша қаржылық есептілікті ұсынбағаны немесе депозитарийге уақтылы ұсынбағаны үшін жалпы сомасы 3 522,1 мың теңгеге 15 ОПИ объектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 250-бабы бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін жалпы сомасы 114,5 мың теңгеге 6 ОПИ объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімі жария мүдделі ұйымдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын тұрақты негізде зерделеуді ұсынады.