Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақталуы туралы

Алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі бағыты болып табылады.Департамент 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау бойынша 80-нен астам іс-шара өткізді.

«Бақылау» стандарты шеңберінде басшының орынбасарлары тұрақты негізде мемлекеттік аудит объектілерінде 5 семинар, 12 техникалық оқу өткізді. Аудиторлық тексерулерге шығу кезінде міндетті нұсқама жүргізу және мемлекеттік аудитордың жадынамасына қол қою болып табылады.

Ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды айқындау мақсатында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі тоқсан сайын қызметкерлерге анонимді сауалнама жүргізеді, кесте бойынша жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауы мен консультациясы жүзеге асырылады. Цифрландыру шеңберінде деректердің этикалық нормалары бойынша барлық қолжетімді ақпарат сақталды және Әдеп жөніндегі уәкілдің QR-кодына орналастырылды.

Еңбек тәртібін тиімді және ұтымды пайдалану, мемлекеттік аудиторлардың объектідегі мінез-құлық қағидаларын, әдепті мінез-құлықты сақтау, лауазымдық жағдайды пайдалануға жол бермеу үшін кадр қызметі ай сайын мемлекеттік аудиттің лауазымды адамдарына сауалнама жүргізу бойынша жоспардан тыс профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Күн сайын еңбек тәртібін сақтау мақсатында тексеру объектілеріндегі мемлекеттік аудиторлармен бейнебайланыс жүргізіледі.

Өткізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес ҚР Үкіметі бекіткен Департаменттің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді , оның қорытындысы бойынша алдын алу шаралары қабылданды және жазбаша ұсынымдар берілді.

Сенім телефоны жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жүргізілді, барлық қажетті өзекті ақпарат ғимаратта және Департаменттің сайтында Facebook желісінде орналастырылды.

2022 жылы Департаментте сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзушылықтар тіркелген жоқ.

 

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
09 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы