Аудиторлық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында 210 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 15,9 млрд. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 7 млрд. теңге немесе 44% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 8,9 млрд. теңге немесе 56%.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жататыны 2,7 млрд. теңге (өтеуге жататыны – 1,4 млрд., қалпына келтіруге – 1,3 млрд.).
Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені және қалпына келтірілгені 1,5 млрд. теңге немесе 56 пайыз (бюджетке өтелгені 717,1 млн.тг. және қалпына келтірілгені 756,9 млн.тг).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 8,9 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін 2,1 млрд. теңге және 6,8 млрд. теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін, сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 9,2 млрд. теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 97% құрайды.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 204 аудит объектісінің жауапты тұлғалары тартылған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 394 лауазымды тұлғаларына қатысты 712 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдың жалпы сомасы 94,9 млн. теңгені құрап, оның 94,6 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілген немесе 99,6% өндірілген.
Қалған 300,0 мың теңгенің 2 әкімшілік істері жеке сот орындаушылардың өндірісінде тұр.