Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері

2022 жылы Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын және заңда көзделмеген тыйым салынған талаптар мен шарттарды белгілеу, ұйымдастырушылардың заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын заңсыз белгілеу фактілерінің, мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамасын жариялау  барысында конкурстық комиссияның заңсыз әрекеттері фактілерінің, бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржасымен жарияланған сатып алулардағы  заң бұзушылық фактілерінің жолы кесілді.

Департаментпен  464 666,1 млн. теңге сомасына 26 036 мемлекеттік сатып алу лотына камералдық бақылау жүргізіліп, жалпы сомасы 59 018,2 млн. теңгені құрайтын 1 690  мемлекеттік сатып алу лоты бойынша бұзушылықтар анықталып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Департаментпен хабарламаларды уақытылы немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 21 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтар үшін   4 лауазымды тұлғаға 306 300 теңгеге әкімшілік  айыппұл салынды.

 

 

 

 

Дата публикации
07 февраля 2023
Дата обновления
07 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы