Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылы 109 аудиторлық іс –шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 94 868,2 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 19 994,1 млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 16 323,4 млн.теңге және қаржылық бұзушылықтар сомасы 3 670,7 млн.теңгені құрап, алынған шаралармен 2 451,4 млн.теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 579 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 33,1 млн.теңгеге айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 111 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 2-еуі атқарып отырған қызметінен босатылды.
Жалпы сомасы 1 290,5 млн.теңгенің 8 аудит материалы құқық қорғау органына жолданды, оның ішінде 3 материал қылмыс құрамы бар заң бұзушылықтардың болмауына байланысты қысқартылып, 5 материал бойынша қылмыс құрамының болмауы байланысты басқа мемлекеттік мекемелерге тәртіптік жауапкершіліктерін қарауға жолданды.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаумен 14519 рәсімдер қамтылып, 2026 мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 37 630,6 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды, олардың нәтижесімен жіберілген хабарламалар толықтай орындалды.
Департаментке 1176 өтініш түсті, заңда көзделген мерзімде қаралып, өтініш берушілерге жауаптары берілді.