Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылы 108 аудиторлық іс – шара өткізді, оның қорытындысы бойынша 8 727,7 млн.теңге немесе 93,7% сомаға бұзушылықтар анықталды , оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 7 274,1 млн. теңге немесе 83,3%, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-1 453,6 млн. теңге.
Аудит объектілері есепті кезеңде анықталған қаржылық бұзушылықтарды былайша жойды:
бюджетке өтелді-1 244,6 млн. теңге немесе 81,1% ;
жұмыстармен қалпына келтірілді-792,2 млн. теңге немесе 87,2% ;
есепке алу бойынша көрсетілген-4 831,6 млн. теңге немесе 100% ;
сәйкес келтірілген-3,9 млн. теңге немесе 97,5% .
Қаржылық бұзушылықтары бар аудиторлық іс-шаралар саны тексерулердің жалпы санының 56 немесе 51,8% құрады.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы 103 ұйғарым енгізілді, олардың 94-і немесе 91,3% - ы орындалды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 117 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 1-і атқаратын қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл түрінде 362 әкімшілік жаза қолданылып және бюджет кірісіне өндіріп алынған.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту мақсатында камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 23 022 рәсімі қамтылды, бұл 99,07% -. құрайды.
Камералдық бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша-24,4 млрд.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 2250 хабарлама жіберілді.