Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылы 126 аудиторлық іс-шара өткізді, онда жалпы сомасы 32 090 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Департамент анықтаған заң бұзушылықтардың жалпы сомасынан 32 090 млн. теңге, қаржылық бұзушылықтар 21 872,8 млн. теңгені, рәсімдік бұзушылықтар – 10 217,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
– өтеуге – 953,9 млн. теңге, бюджетке - 243,3 млн. теңге өтелді;
- қалпына келтіруге - 491,2 млн. теңге, қалпына келтірілді – 357,2 млн. теңге;
- есепке алу бойынша көрсетілуге – 20 427,7 млн. теңге, есепке алу бойынша көрсетілді - 20 427,7 млн.теңге.
- сәйкестендіруге - 64,2 млн. теңге, сәйкеске келтірілді - 64,2 млн. теңге.
Есепті кезеңде орындау мерзімі 87 ұйғарым бойынша келді, оның ішінде 79 ұйғарым толық көлемде орындалды. Орындалмаған нұсқамалар бойынша Департамент қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізуде.
Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 54 974,3 мың теңгеге айыппұл түрінде 59 354,1 әкімшілік жаза қолданылды және толық көлемде өндірілді.
Департамент жалпы сомасы 715,5 млрд. теңгеге 34 084 лотты камералдық бақылауға алды, оның ішінде жалпы сомасы 679,4 млрд.теңгеге 32 921 лотты қарады, бұл (96,5%), нәтижесінде 102,8 млрд. теңгеге 5517 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, олар бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.