Меню

Страницы

Статья

Абай облысы бойынша ІМАД 2022 жылдың 4 тоқсаны бойынша аудиторлық қызметтің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың 4 тоқсанында  376,0 млн.теңгені қамти отырып, 7 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Нәтижелері бойынша 39,0 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, соның ішінде:

  • орындалмаған жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару – 36,6 млн теңге;
  • есептеу сомасынан тыс жалақыны негізсіз төлеу, сондай-ақ қызметкер жұмыстан босату кезінде артық төлемдерді ұстап қалу жүргізілмеген – 0,3 млн теңге;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың құнын ҚҚС сомасына негізсіз ұлғайту – 2,1 млн теңге.

Сонымен қатар, 8,1 млн.теңге сомасында рәсімдік бұзушылықтардың фактісі анықталды:

  • Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу фактісі бойныша 7,5 млн теңге;
  • Семей ядролық полигоны аймағында тұрғаны үшін қызметкерлерге жалақы бойынша жеткіліксіз ақы төлеу – 0,6 млн теңге.

Қабылданған шаралармен бұзушылықтарды жою туралы 7 нұсқама енгізілді, олардың орындалу үлесі 85,7%-ды немесе 6 нұсқаманы құрады, соның ішінде 2,4 млн.теңге өтелді/қалпына келтірілді, бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Департаментпен 2022 жылдың IV тоқсанында жалпы сомасы 40,9 млрд.теңгеге 2794 мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды.

Камералдық бақылау объектілеріне 13,1 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 213 хабарлама жіберілді.

Ең жиі жол берілетін бұзушылықтар - Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу; еңбекақы төлеу бойынша бұзушылықтар; орындалмаған жұмыс көлемі. Мысалы: ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағына қайшы "Абай облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-де "ШҚО Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау" объектісі бойынша "ЯРУС" ЖШС бюджет қаражатын аударуды қамтитын жалпы сомасы 36,6 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында Департамент қызметкерлері арасында 2 іс-шара өткізілді, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен.

Дата публикации
18 января 2023
Дата обновления
18 января 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы