«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.
Осылайша, 2019 жылдың 12 айыбарысында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 9 893 022,1млн.теңгеге 1 517 911мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 801545,2 млн.теңгеге 27 485процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 27 300 хабарлама жолданып, оларды орындау үшін бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 717 223,4 млн.теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Хабарламалардың уақытылы орындалмағаны үшін қабылданған шаралар арқылы 2019 жылдың 12 айыбарысында Комитет шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 208 өкім шығарған.
Сонымен қатар, Комитет 3 451 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, оның барысында 1 152 012,789 млн.теңге қаражат қамтылған. Бұл ретте, сомасы 245178,7 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, саны 5 211 процедуралық сипаттағы бұзушылықтар анықталған.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бүгінгі күнге дейін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 634 052,7 млн. теңге жойылған.
Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 2 564 ұсыныс беріліп, олардың 2 564 орындалған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 1 493 лауазымды тұлға сомасы 261,1 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 246,2 млн. теңгесі бюджетке төленген.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 734 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Аудиторлық шаралардың қорытындылары бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін сомасы 64192,841 млн.теңге болатын 465 материал құқық қорғау органдарына жолданды.